BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ғалымдар қазаққа қауіп қайдан келетінін айтты

 АСТАНА. 6 наурыз. BAQ.KZ – Қазаққа қауіп қайдан болатынын білгісі келген адам Әлихан Бөкейханды оқуы керек. Бұл пікірді бүгін Астанада «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 148 жыл толуына орай өткен «Әлихан Бөкейхан. Марксизм қағидасынан ұлттық «Алаш» идеясына дейінгі эволюциялық жол» атты республикалық конференцияда алаштанушы Әбдіжәлел Бәкір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 «Түркі жұртының лидері Мұстафа Шоқай Әлихан Бөкейханды көсем санаған. М.Шоқай «қазаққа қауіптің қайдан болатынын білгісі келген адам Әлиханды зерттеуі керек» деп айтып кеткен. Тарихи тұлғаларымыздың осылайша бірін-бірі құрметтеуі, ұлтқа бағдар беруі бізге үлгі болуы тиіс. Өкінішке орай, біз ұлыларымызды жекешелендіріп жібердік. Бір тұлғаны зерттеуді бір институтқа тапсырамыз. Олар бір ғылыми қызметкерге тапсырады. Сөйтіп, бүтін бір ұлттың ұлы туралы дерек бір ғана адамның зерттеуінің айналасында қалады. Менің тарапымнан ұсыныс бар. Алдағы уақытта Әлихан Бөкейханды зерттейтін арнайы институт құруымыз керек. Қазаққа келетін қауіптін алдын алу үшін осылай жасауымыз керек», - деді Ә.Бәкір.

 


Алаштанушының бұл пікірін Қарағанды қалалық Мәслихатының хатшысы Нұрлан Дулатбеков те қолдайтындығын білдірді.
«Алаш қайраткерлерінің еңбектерінде ұлтқа деген махаббат көрініп тұрады. Олардың еңбектерін зерттеуге үлкен ықылас керек. Алаш қайраткерлерін зерттеу арқылы ұлттың болашағына жол ашамыз. Мысалы, біздің депутаттар заң шығару ісінде Батыстың үлгісін басшылыққа алады. Үлгісі дұрыс болғанымен иделогиясы басқа екенін ұмытып кеткен тәріздіміз. Заң шығару ісінде алаш қайраткерлерін еңбектерін басшылыққа алсақ ұлттық идеологияны жүзеге асыру оңайға түсер еді», - деді Н.Дулатбеков.

 


Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ
(фото).

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер