BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы туралы кітап жазу үлкен жауапкершілік жүктейді - З.Федотова

 Астана. 16 шілде. Baq.kz – Қазақстан Президенті туралы жазу үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Бұл пікірді бүгін Астанада өткен «Нұрсұлтан Назарбаев: билік басындағы адам» атты кітаптың тұсаукесерінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Зинаида Федотова айтты.

 

 «Нұрсұлтан Назарбаев: билік басындағы адам» кітабында Елбасының жүріп өткен тарих жолы уақытында, объективті түрде, барынша кең ауқымда суреттелген. Бұл тарихи-өмірбаяндық кітап, өйткені ол Президенттің бала кездегі өмірінен басталады. Автор үшін Қазақстан Президенті туралы жазу үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік, өйткені бәрі объективті әрі нанымды болуы керек»,-деді З.Федотова.
Оның сөзінше, ол үшін өзінің заманындағы болған оқиғалар ерекше қызығушылық тудырады.
«Біз сол уақыттағы үдерістердің қатысушысы болдық. Біз Президентті түрлі жағдайларда көрдік, оның ішінде өте маңызды мәселелер бойынша өте жедел шешім қабылдау қажет кезеңдер болды, кейде біз оларға күмән тудыратынбыз да, алайда біз бәрінің сәтті аяқталғандығына қуанатынбыз да»,-деді профессор.
Қазақстанның ресми құжаттарымен ұзақ уақыт жұмыс істеген З.Фодотова Н.Назарбаевтың құжаттарды қарау ісіне өте тыңғылықты қарайтындығын атап өтті.
«Маған кітаптың соңы ұнады. Авторлар Мемлекет басшысының рөлін халықаралық қайраткер ретінде көрсете білген. G-Global, жыл сайын өткізілетін Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамалары»,-деп қорытты ғалым.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы кітапханасында профессорлар Бүркітбай Аяған мен Алима Ауанасованың «Нұрсұлтан Назарбаев: билік басындағы адам» атты Мемлекет басшысының өмір жолына арналған кітабының таныстырылымы жасалды.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер