BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін Ақселеу Сейдімбектің дүниеден өткен күні

Бүгін жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің дүниеден өткен күні.

Ақселеу Сланұлы осыдан дәл 7 жыл бұрын Қадыр түні 67 жасында дүниеден озған болатын. Марқұмның денесі өзі туып өскен Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында жерленген.

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 1942 жылы 12 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында дүниеге келген. 1959 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында №1 қазақ орта мектебін бітірген соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау, Ақтау кеңшарларының мал шаруашылығында үш жыл еңбек етеді.1961 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп шықты. Университетте оқып жүріп 1963-64 жылдары Троицк қаласында әскери міндетін атқарып қайтады. Ол Әл-Фараби атындағы университеттің «Журналист» газетін шығарушы алқаның және М.Әуезов атындағы Әдеби бірлестіктің мүшесі, «Қайнар» қолжазба журналының бас редакторы, Мәскеудегі қазақ жастары құрған «Жас тұлпар» атты мәдени қозғалыстың Қазақстандағы өкілі болып, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға сергек араласа бастайды. 1968-1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, 1975-1976 жылдары «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1976-1983 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983-1987 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы болып қызмет атқарды. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Қолжазба бөлімінің меңгерушісі, Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемалары институтының директоры, Қазақ Білім академиясының тұңғыш призиденті, ҚР Призиденттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Көз жұмғанға дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің професоры болды.

«Аққыз» (1991), «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981), «Сонар» (1989), «Мың бір маржан» (1989), «Күй шежіре». Бірінші кітап (1992), «Күй шежіре». Екінші кітап (1997), «Балталы-бағаналы ел аман бол» (1993), «Көшпелілер тарихы» (1995), «Қазақ әлемі» (1997), «Елтұтқа» (2001), «Қазақтың күй өнері» (2002), «Қазақтың ауызша тарихы» (2008 бет) атты шығармалары бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер