BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Балуан Шолақтың өміріне қатысты біз білмейтін жаңа деректер (ВИДЕО)

 АСТАНА. 26 қаңтар. BAQ.KZ – Оның туғанына биыл 150 жыл. Ол жайлы аңыз-әңгіме ұшан-теңіз. Оның өмірбаяны толық зерттелмек тұрмақ, туған жерін әркім әртүрлі айтады. Балуан Шолақтың қазақ тарихындағы ең бір жұмбақ тұлғалардың бірі екені даусыз. Осы уақытқа дейін даңқты палуан, дарынды композитордың бірде-бір суреті сақталмаған. Суреті былай тұрсын, тірісінде тұтынып, дерек болуға жарайтындай ешқандай белгі қалмаған. Ұрпақтарының айтуынша, палуанның өздері білетін бір ғана суреті болыпты. Алайда ол да қолды болған көрінеді. Ал әлеуметтік желілерде «Балуан Шолақ» атымен қолданылып жүрген картиналар палуанға келіңкіремейді. 19 ғасыр қазақ халқына дарынды дала ақын-композиторларын үйіп-төгіп берді. Сол шоғырлардың өкілі, дала композиторы, дүлей күш иесі, қазақ тарихындағы біртуар палуандардың бірі – Балуан Шолақ.

 

Нұршапағат НЕСІПБАЕВ

 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер