BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Атбасарда Ілияс Есенберлинге ескерткіш қойылады

 Астана. 15 шілде. Baq.kz – Ақмола облысының Атбасар ауданында еліміздің біртуар перзенті, жазушы Ілияс Есенберлиннің ескерткіші ашылатын болды.

 Қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан, Атбасар ауданының тумасы Ілияс Есенберлиннің биыл 100 жылдық мерейтойы. Ол қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған үздік қаламгер. Жазушының жарты әлемге аты мәшһүр «Көшпенділер» тарихи трилогиясы ел президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «жалпы таралымы үш миллион данамен елу реттен аса шығарылып, қазірдің өзінде отыз тілге аударылған». Салынғалы тұрған ескерткіш Атбасар ауданының ең көрнекті жері - орталық саябақта тұратын болады.
Сәулет қондырғысының биіктігі 2 метрді құрайды, ескерткіш авторы скульптор - Иван Седлецкий. Ағымдағы жылдың 22 маусымында нысанның құрылысы бойынша жұмыстар басталып та кетті. Бүгінгі күні алаңқай мен бақтық скульптураның негізі, сондай-ақ құрылыс материалдары дайындалуда. Атап айтқанда 160 пог.м. поребриктер, 60 тонна ұсақ құм, 460 ш.м. кеспе тастар алынған. Жазушы І.Есенберлиннің бақтық ескерткішінің жалпы құны 12 млн. 997,5 мың.теңгені құрайды. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2015 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарлануда.
Ақмола облысының әкімі сәулет қондырғысын орнату орнымен танысып қаланың орталық алаңқайын абаттандыру бойынша сәйкес жұмыстарды қатар жүргізу, сондай-ақ бақ аумағына тағы қандай нысандарды тұрғызу қажеттігі туралы ойлану қажеттігін тапсырды.

 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер