BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астаналықтар Елбасы кітапханасын тамашалай алады

 Астана. 21 шілде. Baq.kz – Алдағы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына экскурсиялар өткізілетін болады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметінен хабарлады.

 Елбасы Кітапханасына жекеленген азаматтар мен ұжымдар топпен келулеріне мүмкіндік бар. Экскурсия ұзақтығы - 45 минут. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде экскурсиялар жүргізілетін болады.

Экскурсия арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның жасампаз идеяларымен және бастамаларымен жақынырақ танысуға болады.

2015 жылдың 1-10 шілде аралығында «Астана Күніне» орай Елбасы Кітапханасында өткізілген «Ашық есік күндері» бірегей сәулет өнерін көрем деушілер саны өте көп екенін байқатты. Он күн ішінде барлық адамды қамту қиынға соқты. Сол себепті Кітапхана келушілерге ыңғайлы жұмыс режиміне ауысады. Экскурсиялар тегін жүргізіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер