BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «Жайықтың Ақ шағаласымен» кездесу өтеді

 АСТАНА. 3 сәуір. BAQ.KZ – Бүгін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері ақын Ақұштап Бақтыгеревамен кездесу өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Кездесу барысында ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығына қатысты әңгіме айтылып, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алады.
Ақұштап Бақтыгерева 1944 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауылында дүниеге келген. Алматыдағы Қыздар мемлекеттік институтының түлегі. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында еңбек еткен ақын қазіргі таңда туған өңірі Орал қаласында тұрады. Ақынның алғашқы жинағы 1967 жылы «Өрімтал» деген атпен шықса, одан беріде «Наз», «Қуанышым, Іңкәрім», «Ақ қанат», «Бақыт әні», «Жайық қызы», «Ақ желең», «Сүмбіле», «Ақ шағала» секілді бірнеше жыр жинақтары жарық көрді.

«Жайықтың ақ шағаласы» деп аталатын әдеби-сазды кеш көрерменнің көңілінен шығатындығына шүбә жоқ. Кешті белгілі әнші, «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор Кенжеғали Мыржықбай жүргізеді», делінген хабарламада.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер