BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналған «Жүрегім менің» концерті өтті

 Астана. 7 шілде. BAQ.kz – Қазақтың біртума композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына орай Астанада кеші өтті.

 

 

 Қазақ музыка мәдениетінде өшпес із қалдырған ерекше дарын иесіне көзі тірісінде-ақ "қазақ сазының сайыпқыраны" деген атақ берілген еді. Композитордың артында қалған мұрасы өлшеусіз. 400 жуық ән мен романстың авторы, 50 астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды. Нұрғиса Тілендиев музыкасы М. Әуезовтың, Ш. Аймановтың, Ә. Тәжібаевтың пьесаларына көрік берді. «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» фильмдеріндегі тебіренткен сазды әуендердің де авторы - Нұрғиса Тілендиев.

Ол құрған «Отырар сазы» академиялық оркестрі еліміздің маңдайалды өнер ұжымы. Бүгінде ол ұжымға сазгердің қызы - Дінзухра Тілендиева жетекшілік етеді. Кеште композитордың көптеген, халық сағынған музыкасы ойналды. Композитордың әндерін Роза Рымбаева, Майгүл Қазтұрғанова, Нұрғали Нүсіпжановтар және «МузАрт» тобы орындады.

Жалғасбек Бегендіков - ҚР еңбек сіңірген әртісі, Н. Тілендиев атындаағы «Отырарсазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестр дирижері:

Нұрғиса Тілендиев - қазақтың ұлы композиторы, дирижері, сол себептен біз ол кісінің шәкіртіміз, ісін жалғастырушымыз, осындай шаралармен келіп жатырмыз. Құтты болсын бәрі!

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер