BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада композитор Секен Тұрысбектің кеші өтеді

 АСТАНА. 10 ақпан. BAQ.KZ – Астанадағы Ұлттық сурет галереясында13 ақпан күні сағат 19:00-де Секен Тұрысбектің шығармашылық кеші өтеді.

 Концертте «Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуімен халық композиторлары мен автордың өз орындауындағы шығармалары орындалады. Кешке ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Клара Төленбаева, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали секілді өнер саңлақтары қатысады.

Секен Тұрысбек - қазақтың танымал сазгері. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты. "Көңіл толқыны", "Ақ жауын", "Жазғы қар" секілді бірқатар танымал күйдің авторы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер