BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған музей залы ашылды

  АСТАНА. 28 қаңтар. BAQ.KZ - Астанада Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны ұйымдастырушы - Астана қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.

 «Ілияс Есенберлин және оның әлемі» атты ғылыми-практикалық конференциясы Астана қаласы Білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздарының, 8-11 сынып оқушыларының арасында өтті. Конференцияның мақсаты жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, оны насихаттау, жас ұрпақты әдебиет әлемнің рухани мол қазынасынан нәр ала білуге баулу болып табылады.

Конференцияға Қазақстанның көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары, жазушының туыстары қатысты. Сондай-ақ, шара аясында Ілияс Есенберлин атындағы мектеп музейінің ашылу рәсімі өткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер