BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада Елбасы жайлы кітаптың тұсаукесері өтеді

 Астана. 14 шілде. Baq.kz – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында профессорлар Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасованың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Нурсултан Назрабаев: ЧЕЛОВЕК У ВЛАСТИ» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

  Кітап авторлары елдің саяси шыңына шығып, оны халықаралық сахнада танымал ете білген дарынды тұлғаның өмір жолын көрсетуді көздеді. Сондықтан да өз туындысын олар «Нурсултан Назарбаев: человек у власти» деп атады. Кітаптың атауы мазмұнында саяси сахнаға өзінің табандылығының, еңбекқорлығының, алға қойған мәселелердің түпкі мағынасына жете, әрі оларды белгіленген мерзім ішінде шеше білу қабілетінің, қоғам бастау қасиетінің арқасында көтерілген тұлға туралы айтылатынын білдіреді.
«Нурсултан Назарбаев: человек у власти» тарихи-өмірбаяндық кітабы «Нурсултан Абишевич Назарбаев – основатель независимого государства», «Нурсултан Назарбаев и казахстанская модель строительства государства», «Мир о Назарбаеве», «Кемеңгер», «Независимый Казахстан и Лидер нации» және т.б. көптеген еңбектердің жалғасы.
Кітапта қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мұрағат материалдары мен деректер пайдаланылған.

Кітаптың тұсаукесері 16 шілде күні өтеді деп жоспарланған. 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер