BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «Біржан-Сара» операсы қойылады

 АСТАНА. 15 қыркүйек. BAQ.KZ – Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы жастар арасында кеңінен таныла бастады. «Астана Опера» жүргізген маркетингтік зерттеуге сүйенсек, театрдың бірінші маусымында аталған спектакльде болып, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамының жасы 18 бен 30 арасын құраған. Көпшілік, ұлттық операға, онда көтерілетін тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне деген қызығушылықты атап өтті. Бұл туралы "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі хабарлады.

 Театрдың жаңа маусымында, бірінші «Жібек Жолы» Халықаралық фестивалі аясында алдағы 20 қыркүйекте «Біржан-Сара» операсы қойылады. Біржан партиясын бүгінгі күннің көрнекті теноры, осы партияны үздік орындаушылардың бірі – Ахмет Ағади ұсынады. Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның Халық әртісі сахнада Сараның ролін сомдайтын Республикамыздың Еңбек сіңірген қайраткері,  опера әншісі Айгүл Ниязовамен бірге шырқайды.

«Біржан-Сара» операсы тек Қазақстан театрларында ғана емес, сондай-ақ, Алмания, Түркия, Ресей, Өзбекстан және басқа елдерде жоғары жетістікпен орындалады. Туынды алғаш рет Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрында 1946 жылдың 7 қарашасында қойылған еді. Алғашқы орындағандар: Біржан – Әнуар Үмбетпаев, Сара – Күләш Байсейітова болатын. 

Терең ой тастап, жан-жақты ашылған операда даналық музыкалық шығармаға қайталанбас рең беріп, елең еткізбей қоймайтын музыкалық-ақындық дәстүр – айтыс бейнеленген.  

Айта өтейік, Ана партиясында сезімтал, жүректі елжірететін орындаушы Дина Хамзина, ал қызғаншақ Алтынайды Жаннат Бақтай ойнайды, Естай партиясында – Бейімбет Таңарықов өнер көрсетеді.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер