BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алаштың ардақты ұлына ескерткіш ашылады

 АСТАНА. 18 қыркүйек. BAQ.KZ – Ертең Павлодар қаласында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, жерлесіміз Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші ашылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

 

 Алаш зиялысының 125 жылдығын атап өту аясындағы салтанатты шара ертең сағат 11.00-де Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының маңында өтеді.
- Мүсіннің биіктігі 3,6 метрді құрайды. Ал тұғымен бірге биіктігі - 7,6 метр. Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші қоладан құйылған, тұғыры қою қара түсті жылтыр граниттен соғылған. Ескерткіштің авторы - астаналық мүсінші Ермек Тоқтаров. Қала тұрғындары мүсінді көріп, Алаш ардақтысының алып тұлғасын, даралығын көзге елестетеді. Себебі мүсіншілер бірінші кезекте жазушының бейнесіне мән берген, - деп хабарлады мәдениет басқармасынан.
Аталмыш ведомствоның мәліметінше, ескерткіш «Керемет-ПВ» ЖШС-ның демеушілік көмегі арқасында бой көтерген.

Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың есімі берілген облыстық театрда ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.
Жазушы мерейтойы Баянауыл ауданында да жалғасын табады. «Ардақты Алаш азаматы» атты музыкалы-әдеби кеш және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар Баянауыл ауданы Мойылды алқабында өтеді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер