BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Айтыс тақырыбына арналған 3 кітаптың тұсаукесері өтеді

 АСТАНА. 2 сәуір. BAQ.KZ – Ертең ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан айтыс ақындары» атты анықтамалық жинақтың және айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлының «Шертолғақ» атты айтыстар жинағының, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Айтбай Жұмағұловтың «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Тұсаукесерге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ардагер ақындар, айтыскерлер, жыршы, термешілер қатысады деп күтілуде. ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен жарық көрген анықтамалық жинақ пен аталған авторлардың кітаптары жиынға келген көпшілікке таратылады.

 Айта өтейік, айтыскер Дәулеткерей Кәпұлының «Шертолғақ» атты айтыстар жинағына 30-дан астам айтыстары енген. Таралымы 1 мың дана болатын бұл кітапта танымал жыр жүйріктерімен сөз сайыстары топтастырылған бұл жинақтағы ана тіліміздің ғажайып мүмкіндігі мен байлығын паш еткен келісті де көркем сөз кестелері, тамаша теңеулер мен сурет-бояулар, қоғамдағы сан алуан көкейкесті мәселелерге қатысты салмақты пікір, салиқалы ойлар кім-кімді де тәнті етері сөзсіз.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер