BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Абай музейінде ұлы ақынды еске алды

 АСТАНА. 5 қыркүйек. BAQ.KZ – Ұлы Абайдың туған жері Жидебайда республикалық Абай оқулары өтті. Абай-Шәкәрім кесенесінің басында өткізіліп келе жатқан бұл ауқымды шара биыл 15-ші рет өз жалауын көтерді. Бұл туралы Абай музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

 "Қазақстанның түкпір- түкпірінен жиналған жас таланттар Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу арқылы өздерінің білім деңгейлерін көрсете білді. Жылдан жылға қатысушылардың да саны артып, сайыс дәрежесі жоғары деңгейде өткізіліп келе жатқаны бізді қуантады", - делінген хабарламада.

Сайысқа қатысушылар Қарағұл Нұрлыгүл- Ақтөбе облысынан, Шығыс Қазақстаннан Дәулетбекова Айерке, Батыс Қазақстандық Исекенов Айдос сынды үміткерлер арнайы Абай музейі тағайындаған бағалы сыйлықтарға ие болды.

Айта өтейік, бұл ауқымды шараны Абай музейі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Музейде Абай заманындағы тарихи жәдігерлерді сипаттайтын экспозиция ұйымдастырылған. Ол ұлы ақын ойшылдың өмірінің соңғы он жылына куә асыл мұра. Жидебай кезеңі Абай шығармашылығының аса өнімді жылдары. Бұл он жыл ішінде 75-76 өлеңі, Лермонтов пен Крыловтан 25-26 аударма, 27 қара сөзі және екі әні дүниеге келген. Қазақтың әмеңгерлік салты бойынша жесір қалған Еркежанды әркімнің қыспағынан құтқару мақсатында Жидебайға көшіп келіп, онда өмірінің аяғына дейін тұрады. 1895 жылы ақын өз жоспары бойынша үйді қайтадан салғызады. Кейіннен Абайдың үйінде қызыл кітапхана орналастырылды. 1945 жылы Абайдың туғанына 100 толуына орай қыстақ музей-үйі болып ұйымдастырылған.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер