Жекешелендіруді жеделдету бойынша 404 объекті сатылады – Б.Сұлтанов - Жаңғырту 3.0|10 Сәуір 2017, 10:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жекешелендіруді жеделдету бойынша 404 объекті сатылады – Б.Сұлтанов

Фото: Шыңғыс Қаппаров

Бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Жекешелендіруді жүргізу барысы» туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке кешенді жоспар бойынша ұйымдарды жекешелендіруді тездетіп, 2018 жылдың соңына дейін аяқтау туралы нақты тапсырма берілді. 2016 жылдан бастап Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша 51 млрд. теңге сомаға 198 объекті сатылды. Оның ішінде 7 млрд. теңгеге республикалық меншіктегі 18 объекті, 5 млрд. теңгеге коммуналдық меншіктегі 95 объекті, 39 млрд. теңгеге квазимемлекеттік сектордағы 85 объекті сатылды.Одан басқа, 202 объекті сауда-саттықтан алынды», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы қазіргі кезде қайта ұйымдастырылған және таратылған объектілерді есепке алғанда 47%-ды құрайды екен.

«Жекешелендіруді жеделдету бойынша 404 объектіні сату жоспарланған. Оныі ішінде 2017 жылға – 215 объекті (53%), 2018 жылға – 41 объекті (10%), 2019-2020 жылдарға – 148 объектіні (37%) сату жоспарланып отыр. Биыл қалған объектілердің кемінде 80%-ын сауда-саттыққа шығару мақсатында әрбір объекті бойынша оларды жеделдетіп сату мүмкіндігіне талдау жасалды. 2018 жылы 21 топ объектіні сату жағын ойластырып жатырмыз. 2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясын сату жоспарланып отыр», - дейді Қаржы министрі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер