BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаңартылған «Дипломатия жаршысы» журналы жарыққа шықты

Сыртқы істер министрлігі «Дипломатия жаршысы» ведомстволық журналдың басылымын қайта шығара бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2018 жылдың басында жариялынымның жаңа нысаны мен тұжырымдамасы бекітілді. Журналда, ең алдымен, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін маңызды халықаралық оқиғалар мен іс-шаралардың талдамасына ерекше назар аударылады.

«1996 жылы негізін салған журнал өзінің басты мақсатына сенімді болып қала бермек, яғни сыртқы саясат мәселелері бойынша өзекті және құзыретті публицистикасын ұсыну. Қазақстан СІМ басылымы Астананың ресми пікірінің жарияланымын ғана емес, сондай-ақ еліміздің, шетел саясаткерлерінің, дипломаттар мен сарапшылардың мақалаларын қамтитын болады. Журнал Қазақстандағы сыртқы саяси ойларды дамытудың маңызды алаңына айналады деген сенімдеміз», – деп атап өтті Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өзінің кіріспе мақаласында.

2018 жылдың №1 шығарылымында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары мен Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қаңтардағы төрағалығының қорытындыларына ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар, еліміздің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуі, қарусыздандыру мәселелері, Сирия жөніндегі Астана процесінің сегіз кезеңінің қорытындысы тақырыбына арналған.

Сонымен қатар, бірқатар автоның мақалалары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, цифрлық дипломатияның келешегі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты мен Қазақстан дипломаттары қауымдастығының қызметіне қатысты. «Тарих беттерінен» бөлімінде мемлекет қайраткері, дипломат Нәзір Төреқұловқа арналған материал жарық көрді.

«Дипломатия жаршысы» қазақ, орыс тілдерінде және ағылшын тілінде («The Diplomatic Herald of Kazakhstan» ) шығарылады. Журналдың электронды нұсқасы осы сайтта қолжетімді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер