Үшінші жаңғыру: Бірінші басымдық - Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы - Жаңғырту 3.0|27 Ақпан 2017, 10:09
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үшінші жаңғыру: Бірінші басымдық - Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруының 5 негізгі басымдықтарын айқындады. Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуіміз керек. Мұны, ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн. Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленді», - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі кезде мұндай 6 жоба жүзеге асырыла бастаса, 2 жоба іске қосылған.

«Нақты жұмыс істеу қажет. Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды», - деп мәлімдеді Елбасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер