Үшінші жаңғыру - тың бастамаларды жүзеге асыруға жетелейді - Жаңғырту 3.0|02 Ақпан 2017, 11:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үшінші жаңғыру - тың бастамаларды жүзеге асыруға жетелейді

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын маңызды құжат ел экономикасындағы жаңа бағыт-бағдарларды айқындап берді. Енді оны нәтижелі жүзеге асыру негізгі міндет саналады. «Жетісу» әуекомпаниясы» АҚ президенті Қалмұхамет Дөңесбаев осындай пікірде, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Елбасы өзінің Жолдауында ел экономикасын дамыту бағытындағы Қазақстанның бірінші, екінші жаңғыруы жолында жүзеге асырылған жұмыстар мен қол жеткізген тың табыстарымызды тізбектей келіп, табысты өткен осы жаңғырулар арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтап, үшінші жаңғыруды бастауға тиіс екенімізді атап өтті. Осыған байланысты Президент: «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан –2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі», – дейді Жетісу әуекомпаниясының басшысы.

Жолдаудың алғашқы бағытында экономика салаларын жаппай сандық модельге көшіру көзделген. Осы ретте Елбасы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» деген атаумен жаңа бағдарлама әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік, логистика, құрылыс секторы мен басқа да салалардағы еңбек өнімділігін арттыруға баса мән берілді.

Қалмұхамет Дөңесбаев: Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі. Осылай деген Мемлекет басшысы Үкіметке 2020 жылға дейін транзиттік әлеуетті арттыруды жүктеді. Мәселен, контейнерлік және әуе көлі¬гімен жолаушылар тасымалын еселеу арқылы одан түсетін пайданы төрт миллиард долларға дейін жеткізу міндеттелді. Ел дамуына серпін беретін маңызды құжат болашаққа сенім ұялатып, тың бастамаларды жүзеге асыруға жете¬лей¬ді. Экономикамызды биік белеске көтеретін Елбасының жаңа Жолдауы алпауыт мемлекеттерді мойындатуға жасалған ұлы қадам деп ойлаймын.

Естеріңізге салып өтсек, 31 қаңтар күні бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына арнаған Жолдауы жарияланды


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер