Цифрлық технологиялар азаматтарға нақты пайдасын тигізуі қажет - М.Құл-Мұхаммед - Жаңғырту 3.0|16 Ақпан 2017, 19:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Цифрлық технологиялар азаматтарға нақты пайдасын тигізуі қажет - М.Құл-Мұхаммед

Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде «Нұр Отан» партиясы комиссиясының кеңейтілген отырысын өткізді. Басқосу Елбасының халыққа Жолдауының бірінші басымдылығы – цифрлық технологияның негізінде экономиканың технологиялық жаңғыруын жеделдетуге арналды

Отырысты ашқан Мұхтар Құл-Мұхаммед сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында жеделдетілген технологиялық жаңғыруды жүргізуді және сапалы жаңа цифрлық индустрияны құру міндетін қойғанына тоқталды. Бір жағынан әңгіме IT-экономикасының жетекші салаларын дүниеге келтіру, екіншіден – біздің республикамызда замануи коммуникативтік ортаны қалыптастыру туралы болып отыр. «Президент тапсырмаларының ауқымдылығы мен ерекше маңыздылығын анық түсіну қажет. Біздің негізгі мақсатымыз, цифрлық технологиялардың бүкіл елімізді ғана қамтып қоймай, әр азаматқа нақты пайдасын тигізгені. Ең алдымен тұрғындарға мемқызмет көрсету процесін мейлінше жеңілдету, сондай-ақ, адамдардың меморгандармен тікелей байланысына тосқауыл қойып, сол арқылы жемқорлық көрінісінің болу мүмкіндігіне жол бермеу», - дейді М. Құл-Мұхаммед.

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту деңгейінің халықаралық рейтингінде Ресей, Италия және Түркия сияқты елдердің алдына шығып 39 орынға қол жеткізді. Республикамыздағы мемлекеттік қызметтердің 77% әлдеқашан автоматтандырылған. Олардың 760-тан астамын онлайн-режимде, соның ішінде 80-ін смартфонның көмегімен алуға болады. Қазақстанның электрондық үкіметінің мобильдік қосымшасының таяуда ғана инновациялық шешімдерді ендіру саласындағы «First World Govtechineers Race-2017


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер