BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қорытынды нұсқасы әзірленді – Дәурен Абаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының соңғы, қорытынды нұсқасы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биылғы Жолдауында Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында экономиканың жедел технологиялық дамуын қамтамасыз ету міндетін алға қойғаны белгілі. Дамыған және серпінді елдердің озық тәжірибесі IT-саласын дамыту мемлекеттік саясаттың басым стратегиялық бағыты болуы қажет екенін көрсетті. Осыған сай Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу тапсырылған болатын. Министрлік бұған дейін Мемлекет басшысы айтқан мәселелерді қарастыра отырып, бүгінгі күні бағдарламаның соңғы, қорытынды нұсқасын әзірлеп, назарларыңызға ұсынып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар ақпарат министрі аталған бағдарламаны дайындауға шетелдік сарапшылар тартылғанын атап өтті.

«Бағдарламаны дайындауға шетелдік және жергілікті сарапшылар кеңінен тартылды. Шетелдік сарапшылар ретінде Дүниежүзілік банк, Boston consulting group, Гартнер және тағы басқа компаниялар қатысса, Қазақстаннан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, IT компаниялар ассоциациясы және Интернет қауымдастығы үлесін қосты. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдар белсене атсалысты», - деді Дәурен Абаев.

Осы орайда ол «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басқа салалардың дамуына серпін беретінін тілге тиек етті.

«Елбасы атап өткендей, цифрлық индустрияны дамыту барлық салаларға серпін береді. Осы орайда, Жаһандық цифрлық экожүйеде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанның экономикасын цифрландыру бастамасының өмірлік маңызы зор болмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мәтініне оны жүзеге асыру бөлігі бойынша бірқатар толықтырулар енгізілді. Осылайша, бағдарлама 2018 жылдан 2022 жылдарға дейінгі кезеңді қамти отырып, ел экономикасының технологиялық жаңғыруына серпін бермек. Сонымен қатар, еңбек өнімділігінің ұзақмерзімдік әрі ауқымды өсімі үшін жағдай жасауы тиіс», - деді ведомство басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер