BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары талқыланды

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың жолдары талқыланды. Бұл жайлы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобаларын жүзеге асыруға жауапты ұлттық компаниялар өкілдері мен вице-министрлердің қатысуымен brainstorming өткіздік. Жиында #digitalkazakhstan бағыттары аясында идеяларды талқылап, KPI-ды анықтадық. Сондай-ақ, мерзімдерді белгіледік. Нәтижесінде барлық салалар бойынша ең өзекті әрі ең қызықты идеяларды іріктеп алдық. Көпшілігінде жақсы бастамалар бар. Әріптестер тәжірибемен бөлісіп, мәселелердің шешімін ұсынды. Ашық пікірсайыс, жанды тілдесу әрдайым жақсы нәтиже береді», - деп жазды Асқар Жұмағалиев Фейсбуктегі парақшасында.

Атап өтсек, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген. Бағдарламаның басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер