Студент жастар Елбасы Жолдауын талқылады - Жаңғырту 3.0|07 Ақпан 2017, 18:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Студент жастар Елбасы Жолдауын талқылады

Бүгін «Жас Отан» Жастар қанатының Астана қалалық филиалы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық үшінші жаңғыру: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы мен билік тармақтары арасында өкілеттікті бөлу конституциялық реформасының жобасын түсіндіру мақсатында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері және оқу ордасының ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Кездесуге Парламент депутаттары қатысып өздерінің ойлары мен пікірлерін айтты. Қатысушы студенттер сұрақтар қойып жауап алды. Жолдау аясында жақсы сұқбат орнады.

«Бүгін біз елордадағы білім ордасының студенттерімен кездесу өткіздік. Мұндағы басты мақсатымыз Президент өкілеттіліктерін билік тармақтарына бөлу туралы үндеуі және Елбасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Жолдауын талқылау. Үндеудің еліміздің дамуына берері өте зор. Алдымен ашықық принципін ұстанатын боламыз. Бүкіл бастамалар мен реформаларды халықпен бірге талқылау дәстүрі енгізілетін болады. Үкімет пен палатаның жауапкершілігінің артуымен қатар, демократиялық процестердің жалғасын табатынын көрсетеді. Қазақстанның үшінші жаңғыру Жолдауында атауы айтып тұрғандай елді алға бастайтын бес міндет көрсетілген. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешешін дамыту, көлік логистикасы, ұлттық экономиканың бәсеге қабілеттілігінің артуы, білім, айти саласы және ұлтжандылық, үш тұғырлы тіл сонымен қатар жастардың бойына рухани құндылықтарды сіңіру секілді қадамдарға қатты көңіл бөлінген», дейді «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филилалының төрағасы Мұхамеджан Болысбек.

Бүркіт НҰРАСЫЛ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер