BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Стратегиялық жоспар-2025: Үшінші жаңғырудың міндеттерін шешетін кешенді жоспар

Фото: janubiy.kz

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының Стартегиялық жоспары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаты болып табылады және еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді Стратегиясын жүзеге асырудың ортамерзімді даму жоспары.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар 2020 жылға дейінгі Стартегиялық даму жоспарының орнына алынды. Жоспар қабылданған сәттен бастап ұлттық экономиканың нақты көлемін үштен біріне дейін арттыру бойынша басты мақсатқа қол жеткізілді. Осылайша, 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жаһандық қаржы дағдарысының салдарын жойып, экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсіміне көшуді жылдамдатты.

2025 жылға дейінгі Стартегиялық жоспардың ұсынылып отырған жобасы Үшінші жаңғырудың міндеттерін шешудің кешенді жоспары болып табылады. Ол экономикалық жаңғыртумен ғана емес, сонымен қатар институттық және әлеуметтік жаңғыртумен байланысты мәселелерді қамтиды.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар негізіне экономикалық өсімнің жаңа үлгісі алынды, ол өнімділік пен үйлесімді арттыру, адам капиталын дамыту және бәсекелестіктің артуы жағдайында жеке қаржыларды тарту, жекеменшік сектордың көшбасшылық рөлі, ел өңірлерінің даму әлеуетін іске асыру есебінен экспортқа бағдарланған өндірісті ынталандыруға негізделеді.

Жаңа экономикалық үлгіге көшу ағымдағы мемлекеттік саясатта келесі басты өзгерістерді талап етеді. Бұл:

  • Өнімділік пен сапаға жаппай бағдарлану: Өндірісті өнімділігін арттыру, әртараптандыру және тауарлар мен қызметтер сапасы есебінен ынталандыру;
  • Адамдардың, кәсіпорындар мен салалардың технологиялық бағдарлануы: технологияларды жаппай ендіру және жаппай цифрландыру бойынша барлық сатыларда креативті, когнитивті дағдыларды дамыту;
  • Бәсекелестік өсім стимуляторы ретінде: салаларды монополиясыздандыру, экспортты ілгерілету, технологиялық компанияларды жергіліктендіру және таланттарды тарту есебінен бәсекелестікті көтермелеу;
  • Жеке сектордың басым рөлі: Жеке сектор өсім локомотивіне айналуы тиіс: кедергілерді жою, инвестицияларды ынталандыру, іске асыру үшін бірлесіп жауапкершілік алу;
  • Өңірлердің белсенді ұстанымы және өңірлердің теңгерілімді дамуы: Өңірлер арасында экономикалық дербестігі, жауапкершілігі, бәсекелестігі, кооперация.

Аталған өзгерістер өтпелі идеологияны көздейді және реформалардың, жоспардың басымдықтары мен міндеттерінің негізіне алынады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер