BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШҚО-да дәстүрлі қазақ медицина орталығы құрылады

2018 жылы Семейде жаңа политравма және ортопедия, гематологиялық орталықтары ашылады. Сонымен қатар, «Рухани Жанғыру» бағдарламасы аясында ШҚО дәстүрлі қазақ медицина орталығы құрылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО Азия кеңестігінде баламасы жоқ бірегей, үздік технологиялар қатары шоғырланған гематологиялық орталықтың жобалау жұмысы аяқталу үстінде. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен алдағы таңда Семейде де алғашқы политравма және ортопедия орталығы ашылмақ.

«Семейде медициналық жедел жәрдем ауруханасының негізінде ашылатын жаңа политравма және ортопедия орталығы республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші мамандарымен бірге ішкі протездеу және күрделі жарақаттарды емдеу үшін ең озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді», - дейді облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Медициналық жедел жәрдем ауруханасында қазіргі таңда мультимедиалық құралдармен жабдықталған ота жасау бөлімі, инсульт орталығы, ондағы науқастарын ерте қалпына келтіруге залы қызмет етеді. Бұдан бөлек, физиотерапия бөлімі, жаңа құралдармен жабдықталған екі бірдей гимнастика бөлмесі де бар. Мұнда сондай-ақ, халықаралық стандарттарға сәйкес науқастардың өз сырқаттарын басқаруға үйрететін түрлі мектептер жұмыс жасайды. Ал аурухана мамандары жыл сайын шет елде біліктіліктерін арттырып, арнайы курстардан өтеді. Бұл ретте аймақ басшысы арнайы облыстық бағдарламаның арқасында өңірдің денсаулық сақтау саласы толық жетілдіріліп, жаңарудан өтетін айтады.

«Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі элементтері - медицина қызметкерлерін үнемі дайындау, әлемдік медициналық стандарттарды қатаң сақтау болып табылады. Келесі жылы облыстың барлық медициналық мекемелері орта деңгейдегі әлемдік жабдықтармен қамтылатын болады. Осылай, бес жылдың ішінде өңір медицинасының бәсекеге қабілеттілігі бірнеше есе артатынына толық сенімдімін. Бұдан бөлек, «Рухани Жанғыру» бағдарламасы аясында дәстүрлі қазақ медицина орталығын ашамыз. Мен халық медицинасы жақсы дамыған Қытайда болып қайттым. Өткенді ұмытпауымыз керек. Бабалар мұрасын, олардың тәжірибелерін кеңінен қолдансақ, ұтарымыз көп болмақ», – деді Даниал Ахметов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер