Сенатор С.Ақылбай қарағандылықтарға Елбасы Жолдауын түсіндірді - Жаңғырту 3.0|06 Ақпан 2017, 16:02
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенатор С.Ақылбай қарағандылықтарға Елбасы Жолдауын түсіндірді

Қарағанды облысында жұмыс сапарымен жүрген Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қарағанды облыстық сотының кеңейтілген жиналысына қатысты. Жиын 2016 жылдағы сот төрелігінің қорытындыларына арналған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Судьялар алдында сөз сөйлеген С.Ақылбай Президент, Үкімет және Парламент арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы баяндады. Сенатор Ата заңдағы сот жүйесі мен прокуратура қызметін реттейтін ережелердің мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды.

Сенатор Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесуде конституциялық реформалар мен Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жан-жақты түсіндірді.

«Президенттің Жолдауы Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі өткен жылғы белгіленген міндеттерді орындауды көздейді», - деді С.Ақылбай.

Депутат өз сөзінде бағдарламалық құжаттың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, саяси жаңғырудың негізгі мәселелеріне тоқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер