BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сағынтаев «2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын» халыққа түсiндiрудi тапсырды

Бүгiн ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрлiгi, Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi мен басқа да мүдделi органдарға «2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын» халыққа түсiндiрудi тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов «Қазақстанның 2025 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарын» таныстырды. Оның айтуынша, аталған құжат Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын iске асыруға бағытталған және ол Қазақстанның 2025 жылға дейiнгi кешендi даму мақсатын айқындайды.
Ал Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев аталған құжаттың маңыздылығына тоқталды.

«Бiз бұл құжатты түрлi алаңдарда, Астанада, Алматыда да талқыладық. Соңғы рет оны кеше ғана сарапшылармен бiрге талқыға салдық. Олар жасаған барлық ескертулер ескерiлдi. Бұл жұмысқа шетелдiк мамандар, консалтингтiк компаниялар, Дүниежүзiлiк банк мамандары да тартылды. Осының нәтижесiнде биылғы жылғы Мемлекет басшысының Жолдауында тапсырылғандай, бiз сәйкес құжаттарды дайындап қоюымыз керек болған. Бiз бұл құжатты әзiрлеп қойдық. Ол экономикалық өсiмнiң жаңа моделiн жасауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Аталған құжат елiмiздiң негiзгi стратегиялық құжаты - «Қазақстан 2050 стратегиясын» жүзеге асыруға арналған. Өздерiңiз бiлесiздер, құжат дамыған 30 ел қатарына кiрудi көздейдi», - дедi Сағынтаев.

Үкiмет басшысының айтуынша, осы стратегиялық құжаттың мәнiн халыққа дұрыс және түсiнiктi етiп жеткiзу керек.

Премьер-министр Ұлттық экономика министрлiгi, Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi мен басқа да мүдделi органдарға түсiндiру жұмыстарын белсендi түрде қолға алуға тапсырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер