Реформаларға дайындық Президент Жолдауында көрініс тапқан – сарапшы - Жаңғырту 3.0|02 Наурыз 2017, 19:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Реформаларға дайындық Президент Жолдауында көрініс тапқан – сарапшы

Фото: Deutsche Welle

Германия экономикасы шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазақстан экономикасы Тәуелсіздік жылдарында қарқынды дамыды. Бұған тек елдің табиғи байлығы арқылы ғана емес, ең алдымен, жаңа салаларға мақсатты бағытталған инвестиция мен тиісті реформалар жүргізу арқылы әлемдік нарықты дамыту үрдістері мен сын-қатерлерге дер кезінде жауап беру қабілеті арқылы қол жеткізілді.

Реформаларға дайындық ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басты тармақтарында көрініс тапқан. Жолдауда цифрлық индустрияны дамыта отырып, елді одан әрі техникалық жаңғырту басымдыққа ие бағыт ретінде көрсетіліп отыр.

Сонымен қатар, білім мәселесі, бизнес жүргізу шарттары және макроэкономикалық тұрақтылық шараларына баса назар аударылған. Үшінші жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптегі сандық технология мен дуальді білім тақырыптарында неміс фирмалары қазақстандық тараптың нағыз серіктестері болып табылады», - дейді М.Хармс.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер