BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар облысында 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Ертіс өңіріндегі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл қосымша 12 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Бұл туралы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы басқармасының төрағасы Александр Зореев хабарлады. Александр Зореевтің айтуынша, өндірістік аймақтаға ілкімді жобалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған мақсат-міндеттер аясына іске асырылады.

«Екі инвестициялық жоба отандық кәсіпкерлерге, ал үшеуі шетелдік инвесторларға тиесілі. Жолдауда айтылған тапсырма аясында қытайлық инвесторлармен әріптестік орнатудамыз. Бүгінде «Темір логистик» ЖШС-пен келіссіөздер жүргізіліп, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеп жатырмыз. Болашақта өңірімізде титан диоксиді, кремний және арнайы болат өнімдері шығарылады», - дейді Александр Зореев.

Айта кетейік, қазіргі таңда «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының құрамында бес кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Бірегей жобаларды жүзеге асыруға 43 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды. Екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда шығарылатын күйдірілген мұнай коксы, тұрмыстық химия құралдары мен агроөнеркәсіпке қажет өнімдер ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие.

«Биылғы жылы қолға алынатын 5 жобаның бірі стратегиялық маңызға ие. Олай дейтініміз, жаңа кәсіпорын еліміздегі мұнай-химия зауыттарының қалдықтарын қайта өңдеумен айналыспақ. Әдетте, мазут, май сияқты өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату қиындық туғызып жатады. Қоршаған ортаға зиян келтіретін қалдықтарды қайта өңдеп, май шығаруға болады. Озық технологиялыр арқылы жұмыс істейтін зауыт 2017 жылдың үшінші тоқсанында ашылады деп күтілуде», - дейді Александр Зореев.

Фото автордікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер