BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Н.Назарбаевтың жолдауы – Қазақстанның кемеліне толғанының тағы бір белгісі

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында көрсетілген білім беру жүйесіндегі өзгерістер мемлекеттің өсіп-өркендеуіне соны серпін беруі тиіс.

Белгілі британиялық жазушы әрі журналист Ник Филдингтің пайымдауынша, адами капиталды жақсарту арқылы Қазақстан 30 дамыған елдің көшіне міндетті түрде қосылады. Сыни ойлау мен ақпаратты өздігінше іздеу қабілетіне бағытталған оқу бағдарламаларына баса назар аударылған. «Мәселен британиялық білім де осыған негізделген», дейді Филдинг.

«Президент Назарбаевтың жолдауы – Қазақстанның кемеліне толғанының тағы бір белгісі. Елдеріңіз экономикалық және саяси жағынан жедел дамып жатыр. Биылғы жолдауда білімге басты назар аударылғандығы қуантады. Президенттеріңіз көреген кісі. Ол адами капиталдың адамға деген инвестиция және болашаққа деген инвестиция екендігін түсінеді», дейді жазушы-журналист (Ұлыбритания) Ник Филдинг.

Хабар24


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер