Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ауыл кәсіпкерлеріне 16 млрд теңге бөлінеді - Жаңғырту 3.0|05 Шілде 2017, 12:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ауыл кәсіпкерлеріне 16 млрд теңге бөлінеді

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ауыл кәсіпкерлеріне 16 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша шағын несиелеуді жүзеге асырады. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несиелеуге биыл 27 млрд. теңге бөлінсе, оның 16,1 млрд. теңгесі қор арқылы беріледі.

Осы жылдың ақпанында ҚР Үкіметінің қаулысымен 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілген болатын. Наурызда шағын қалалар мен ауылдық елдімекендерді несиелеу және шағын несиелеу ережелері бекітілді. Сәуір және мамыр айларында жергілікті атқарушы органдар аймақтық деңгейде ауылдық кәсіпкерлікті шағын несиемен қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымды бекітті.

Ережелерге сәйкес, бағдарламаға қатысушылар шағын несиелерді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы және несиелік серіктестіктер мен шағын несие ұйымдары арқылы ала алады. Несиелік серіктестіктер мен шағын несие ұйымдары Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы қаржыландырылады.

Бағдарламаға жұмыссыз, өз-өзін жұмыспен қамтығандар, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың мүшелері – микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Шағын несиелер мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық, мақсатты пайдалану қағидаттары негізінде беріледі.

Қарыздың мақсатты бағытталуы – микробизнесті ашу немесе кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және дамыту үшін негізгі құралдарды сатып алу және айналымдық капиталды толықтыруға беріледі. Шағын несиенің мерзімі – 5 жыл. Ал, мал шаруашылығы саласындағы жобалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға бөлінген несие 7 жылға беріледі. Шағын несиенің максималды сомасы – 8 000 айлық есептік көрсеткішке дейін, сыйақы үстемесі жылдық 6 пайыздан аспайды. Негізгі борыш пен пайызды өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім шағын несие мерзімінің үштен бір бөлігінен аспайды.

Шағын несиені алу үшін міндетті түрде салық органдарына тіркеліп, кәсіпкерлік негіздерін оқу, бизнесті кеңейтетін жағдайда жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу керек.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін дайындау және сату бойынша кооперативтерді дамытуға арналған «Ынтымақ» бағдарламасы, отбасылық мал бордақылау алаңдарын дамытуға арналған «Береке» бағдарламасы, мал мен құсты сатып алу және көбейтуге арналған «Игілік» бағдарламасы, отбасылық сүтті-тауарлы фермаларды дамытуға арналған «Ырыс» бағдарламасы бойынша шағын несие береді.

Бүгінгі таңда қор филиалдары арқылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 4,1 миллиард теңгеге 1083 жоба мақұлданды. Оның ішінде – етті және сүтті ІҚМ, ұсақ мүйізді мал, жылқы, сүт қабылдау бекеттері мен мал сою бекеттеріне арналған құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша жобалар бар.

Жалпы, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мен қордың өз қаржысын қоса алғанда, ауыл тұрғындарына 39 млрд. теңгеге жуық сомада несие беріледі деп жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер