Мұхтар Құл-Мұхаммед: Жақсылыққа жақсылықпен жауап беру керек - Жаңғырту 3.0|08 Ақпан 2017, 15:21
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Жақсылыққа жақсылықпен жауап беру керек

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар облысына ат басын тіреп, ірі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кезедсті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Павлодар» арнайы экономикалық аймағындағы табысты жобалардың бірі – мұнай коксын күйдіру зауытының ұжымымен жүздесті. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қалібеттілік» Жолдауында айтылған басымдықтарды тілге тиек етті.

Айта кетейік, мұнай коксын күйдіру зауыты бірегей технология қолданылатын бұл өндіріс ошағында 300-ден астам маман бар. Алюминий өндірісіне қажет мұнай коксының алғашқы легі былтырғы жылдың жазында өңірдегі алюминий зауытына тасымалданды. Шығарылатын өнім Қытай мен Ресейге де жөнелтілуде. Өндірістің басты ерекшілігі қалдықсыз технологиясында болып табылады. Қазіргі таңда зауыт өндірістік қуаттылығының 30%-на жеткен. Болашақта толық қуаттылыққа көшуді жоспарлауда. Қуантарлығы, бүгінде кәсіпорынның сапалы өніміне ресейлік «РусАЛ» компаниясы мен қытайлық фирмалар қызығушылық танытуда.

Мұнай коксын күйдіру зауыты бірегей технология қолданылатын бұл өндіріс ошағында 300-ден астам маман еңбек етеді. Олардың қатарында «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелдік жоғары оқу орнында білім алған жас мамандар бар.

«Мен Ұлыбританиядағы Манчестер университетінде білім алдым. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң елге оралып, еңбек жолымды мұнай коксын күйдіру зауытында бастадым. Елбасының қолдауымен бой көтерген зауытта жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын», - дейді жас маман Наурызбай Уахит.

«Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары мемлекеттік қолдауымен еліміз бойынша осы тектес 700 жаңа кәсіпорын салынғанын тілге тиек етті.

«Мәселен, екі жыл бұрын бұл зауыттың аумағы бос жатқан сайын дала еді. Елбасымыз Тәуелсіздік жылдары кәсіпкерліктің дамуы үшін барынша жағдай жасады. Мен нық сеніммен айта аламын, бірде бір елдің президенті кәсіпкерлікті дамытуға дәл Нұрсұлтан Әбішұлындай үлес қосқан жоқ. Сондықтан, бізде кәсіпкерлік қазір қай жағынан болмасын, мықтап дамып келе жатыр. Қолдау тапқан кәсіпорындар Елбасының жақсылығын мың есе қайтару керек. Сонымен қатар, өнімнің сапасын арттыру керек. Осылайша, өздері тұратын аймақтың ғана емес, Қазақстан экономикасының өркендеуіне сүбелі үлес қосады», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Қазіргі таңда «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының құрамында бес кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Бірегей жобаларды жүзеге асыруға 43 млрд теңгеден астам инвестиция жұмсалған. Нәтижесінде екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда шығарылатын күйдірілген мұнай коксы, тұрмыстық химия құралдары мен агроөнеркәсіпке қажет өнімдер ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие.

Еске сала кетсек, Ертіс өңіріндегі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл қосымша 12 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік бермек.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары түстен кейін саяси ұйымның облыстағы активімен кездесіп, Жолдауда айқындалған мақсат-міндеттерді талқылайды.

Фото автордікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер