Мүгедектер жәрдемақысының мөлшерi орташа зейнетақы көлемiне жуықтады – Дүйсенова - Жаңғырту 3.0|21 Маусым 2017, 16:18
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мүгедектер жәрдемақысының мөлшерi орташа зейнетақы көлемiне жуықтады – Дүйсенова

Бiрiншi топ мүгедектерi жәрдемақысының мөлшерi орташа зейнетақы көлемiне жуықтады. Зейнетақының орташа мөлшерi 55 117 теңгенi құрайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова халық алдында есеп беру кездесуiнде айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Былтыр бiздiң саламызға бөлiнген қаражаттың сомасы 2,2 трлн теңгенi құрап, жалпы республикалық бюджет шығысының 26 пайызына жеттi. Бөлiнген қаражаттың 47 пайызы немесе 1 трлн теңге 2 миллионнан астам зейнеткерге зейнетақы мөлшерiн 9 пайызға арттыра отырып, төлеуге жұмсалды. Зейнетақы мөлшерiн жыл сайын арттыру нәтижесiнде зейнетақының ең төменгi мөлшерi бойынша ТМД мемлекеттерi арасында бiрiншi орынды, орташа зейнетақы бойынша екiншi орынды иеленiп отырмыз. Өткен жылы мүгедектер мен асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысын 20-25 пайызға көбейттiк. Нәтижесiнде бiрiншi топ мүгедектерi жәрдемақысының мөлшерi орташа зейнетақы көлемiне жуықтады. Ал екiншi топ мүгедектерiнiң жәрдемақысы орташа зейнетақының 74 пайызына жеттi. Алдыңғы жылдары бұл көрсеткiш 60 пайыздың көлемiнде болатын», - дейдi Дүйсенова.

Министрдiң айтуынша, зейнетақымен қамсыздандыруға 1 трлн теңгеден астам қаржы қарастырылды. Базалық төлемдi ескергенде зейнетақының орташа мөлшерi 55 117 теңгенi немесе өткен жылдағы орташа жалақы деңгейiнiң 43,7 пайызын құрады. 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Мемлекет басшысының нұсқауына сай зейнетақы тағы орташа алғанда 20 пайызға өседi.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер