Министр Біртанов бастаған топ қызылордалықтарға Елбасы Жолдауын түсіндірді - Жаңғырту 3.0|05 Сәуір 2017, 17:24
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министр Біртанов бастаған топ қызылордалықтарға Елбасы Жолдауын түсіндірді

Фото: Baq.kz архивінен

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Қызылордаға келді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

АНТ мүшелері Қызылорда облысының ахуалдық орталығының жұмысымен танысып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен және аймақ активімен кездесті. Сонымен қатар, медициналық ақпараттық жүйені енгізудің таныстырылымын өткізді.

Облыстың актив отырысында Елбасы Жолдауының басым бағыттары, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің артықшылықтары түсіндірілді.

«2016 жылы медицина қауымына, тұрғындарға, жұмыс берушілерге түсіндіру, талқылау жұмыстары жүргізілді. Облыс көлемінде арнайы штабтар құрылып, жұмысы ұйымдастырылса, ақпараттандыру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды»,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиынды аша отырып.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымының орынбасары Ерік Байжүнісов сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтып, жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Мұнан соң Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «SANA-MED» ЖШС арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде №2 қалалық емхана жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Осы күні ақпараттық-насихаттық топ мүшелері медициналық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен және медицина қауымымен кездесті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер