Міндетті медициналық сақтандыру қашан енгізілетіні белгілі болды - Жаңғырту 3.0|28 Маусым 2017, 18:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Міндетті медициналық сақтандыру қашан енгізілетіні белгілі болды

Бірінші медициналық сақтандыруға қажетті сома 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бөліне бастайды. ММС жынысы мен жас мөлшері, әлеуметтік мәртебесі, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы мен кіріс табысына қарамастан сақтандыруы бар ҚР барлық азаматтарына Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының есебіне медициналық көмек пен дәрі-дәрмек алуға теңдей мүмкіндік беруге кепілдік береді, деп хабарлайды BAQ.kz.

Астана қаласы әкімдігі №1 қалалық ауруханасында барлық азаматтар үшін аталмыш реформаға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Онымен бірге әкімшілік қызметкерлер мен дәрігерлер спикер ретінде азаматтардың кез-келген сұрақтарына екі тілде жауап береді.

- «Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру» деген не және ол қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктер береді?

- Міндетті сақтандыру құнын кім төлейді және қанша мөлшерде? (мемлекет, қызметкерлер, жұмыс берушілер, ЖК сияқты өзінің жеке ісі бар азаматтар)?

- Халықтың қай санаты заң бойынша міндетті сақтандыру Қорына жарна төлеуден босатылады (мемлекет кім үшін төлем жасайды)?

- Мемлекет кепіл беріп отырған тегін медициналық қызмет көмегінің ішіне қандай қызметтер кіреді? (көрсетіліп отырған кейбір медициналық көмектің қай түрі сол тегін күйінде қалады)

- ҚР-да ММС-дың шарттары бойынша ұсынылып отырған қандай медициналық қызметтер кіреді? (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру), (Медициналық сақтандыру Қорына жіберілетін жарнаға қандай медициналық қызметтерге төлем жасалынады)?

- Шетелдіктер мен оралмандарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

- Міндетті сақтандыруға аударылатын ақша қайда түседі, жарна төлемейтіндердің есебін кім жүргізеді, бақылауда ұстайды?

- Елімізде енгізіліп жатқан міндетті медициналық сақтандырудың мақсаты қандай, ол не үшін енгізгелі отыр?

Қала тұрғындары мен қонақтары аталмыш аурухананың баспасөз-қызметіне барып, өздерін қызықтырған кез-келген сұрағына жауап ала алады. Әлеуметпен жұмыс істеуге арнайы бекітілген жауапты қызметкер - Ұлан Дәулетханов +77012029292.

astana.gov.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
21 Қараша 2018, 09:48
Сіз қанша қант «ішесіз?»
Пікірлер