BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

ҚСЗИ «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған басылымдарды жарыққа шығарды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мақаласы жариялануының бір жылдығына арналған «Қазақстан-Спектр», «Қоғам және Дәуір» атты ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ журналдарының арнайы басылымдары шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты журналдарының биылғы жылғы бірінші сандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жан-жақты түсіндіру, рухты және жауапкершілігі мол біртұтас ұлтты қалыптастыруға ықпал ететін ғылыми-сараптамалық мақалалар арқылы таныстыруға бағытталды.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары орыс тіліндегі «Қазақстан-Спектр» журналының бас редакторы Мадина Нұрғалиеваның айтуынша, журналдың бұл санын жасау идеясы өткен жылдың соңында пайда болған. Журналдың биылғы жылғы алғашқы жинағы толығымен Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына арналған. Журналда жарияланған теориялық және әдістемелік мақалаларымен қатар, көпшілік және сараптамалық сауалнамалар нәтижелері, нақты мәліметтер көрсетілген.

Сондай-ақ, журналдың бас редакторы таныстырылым барысында басылымның жарық көруіне атсалысқан авторларға, сарапшы мамандарға алғысын білдірді. Бағдарламаның қыр-сырын ашып, жан-жақты тұрғыда сараптап көлемді материал жазған авторлар: Зарема Шаукенова, Вячеслав Додонов, Сергей Коновалов, Наталья Калашникова, Санжар Байжанов, Рүстем Қадыржанов, Мадина Нұрғалиева, Алуа Жолдыбалина және Жанар Санхаева.

Сонымен қатар, ҚСЗИ-дың әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, қазақ тіліндегі «Қоғам және Дәуір» журналының бас редакторы Алуа Жолдыбалина өз сөзінде қоғамдық сананы жаңғырту жобасын жүзеге асыру барысына тоқталды.

«Қоғам және Дәуір» журналы 2004 жылдан бастап шығарылды. Бүгінде 56 саны жарық көрді. Біз редакциялық кеңесті қалыптастыру кезінде көптеген факторды ескеруге тырыстық. Редакциялық кеңестің төрағасы Ерлан Карин. Бізде тарихи зерттеулер көп жарияланатындықтан тарих ғылымдарының докторы Бүркітпай Аяғанды шақыруды жөн көрдік. Сонымен қатар, біз экономика саласын ескере отырып редакциялық кеңеске Мейрамбек Қажыкенді шақырдық», - деді Алуа Жолдыбалина.

Редакторлардың айтуынша, арнайы басылымда «Рухани жаңғырудың» сараптамалық нәтижелері, бағдарлама аясында сәтті жүзеге асуының қандай параметрі бар екенін көрсету үшін сараптамалық сұхбаттар жүргізілген.

«Бұл арнайы басылымда біз «Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асып жатқан жобаларды ғылыми тұрғыда зерттеуді жөн көрдік. Бұл басылым ақысыз және Қазақстанның барлық білім беру ордаларына, кітапханаларға тегін таратылады. Басылымның тиражы да көбейді, бұрын 500 тираж шамасында шығарылатын болса, бүгінде 700-800-ге дейін жеткізіп отырмыз. Арнайы басылымда бағдарлама аясында 5 негізгі мақала және «Жас ғалымдар» айдарында 3 мақала жарияланды», - дейді ол.

Мақала авторлары: Ғани Нығыметов, Гүлназ Қасымова, Дана Ахмедьянова, Айдар Құрмашев, Жанболат Мелдешов, Анастасия Решетняк, Айбек Ибатуллин, Қуанышбек Қалжанов және Әсел Жартыбаева.

Оған қоса, ҚСЗИ өзінің 24 жылдық қызметі барысында халыаралық қатынастар, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелер бойынша 250-ден астам кітап басып шығарған. Институттың тоқсан сайын қазақ тіліндегі «Қоғам және Дәуір», орыс тіліндегі «Қазақстан-Спектр» және ағылшын тіліндегі «Central Asia`s Affairs» сараптамалық журналдарының электронды нұсқаларын үш тілде жүргізіліп отыратын сайтта жарияланады.

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер