ҚР Президентінің Жолдауы жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді – сарапшы - Жаңғырту 3.0|01 Наурыз 2017, 18:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚР Президентінің Жолдауы жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді – сарапшы

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауын Баку қаласындағы қоғам мүшелері мен Гейдар Әлиев атындағы «Әзербайжан-Қазақстан» достығы қоғамының мүшелері де талқылады. Бұл туралы «Әзербайжан-Қазақстан» достығы қоғамының вице-президенті, профессор Октай Миргасым айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«ҚР Президентінің Жолдауы жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді. Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым болашақтың жарқын бейнесін анық байқайды, әрі оның қандай болатынын және ол жолда табысқа жету үшін қандай жұмыстар атқару қажет екенін де біледі. Бұл жолдау жаңа дәуірде табысты болу үшін қазақстандықтардың алдына нақты міндеттерді қойды», - деп атап өтті Октай Миргасым.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына ену жоспарын айқындады. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан әлемнің өмір сүруге қауіпсіз әрі ыңғайлы қалаларының қатарына енуі тиіс.

«Қазақстан шетел инвестицияларын тарту үшін өз экономикасының есігін ашты. Енді Президенттің тапсырмасы бойынша экспортқа ерекше көңіл аударылатын болады. ҚР-да ауқымды реформалар әрқашан үлкен табыспен өтеді. Бұл тарихи процестерде бауырлас Қазақстанда тұратын әзербайжандықтардың да үлесі бар. Олар сияқты біз де Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауын қолдаймыз», - деді О.Миргасым.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер