BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дүниежүзілік тау-кен конгресі өз жұмысын бастады

Фото: Нұржас Жақсыбай

19 маусымда Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Конгресс-орталығында Дүниежүзілік тау-кен конгресі 2018 өз жұмысын бастады. Осы жылы Конгресс үш мерейтойлық күнді біріктірді: ДТК құрылған күннен бастап 60 жыл, 25-ші мерейтойлық ДТК және Астана қаласының 20 жылдығы, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстанда ДТК өткізудің маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Бүгінгі күні бұл Тау-кен металлургия кешенінің (ТКМК) ең ірі және салмақты іс-шарасы. Оның ТМД аумағында бірінші рет өткізілуі Қазақстан Республикасының тұтас алғанда әлемдік қоғамдастығы, соның ішінде тау-кен металлургия саласындағы беделін дәлелдейді. Еліміздің ресурстары бай минералды-шикізат базасы болып табылады: периодтық кестенің 99 элементтері бар, оның 70-і барланған, ал 60-тан астамы өндірісте пайдаланылуда. Қазақстан әлемдегі негізгі алюминий кенін өндірушілердің ондығы қатарына кіреді, ТМД елдері ішінде темір кені қорлары бойынша үшінші орында, уран өндіру бойынша Австралияға ғана орын береді, мыс кеніне бай елдердің тізімінде бар. Жыл сайын елімізде 100 млн тоннадан астам көмір өндіріледі. ТКМК кәсіпорындарының өнімдері Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Ресей, Қытай және ЕО-ға экспортталады.

25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресіне 50 елден 1200-ден астам делегат келді. Олардың ішінде Польша Республикасының Кәсіпкерлік және технологиялар вице-министрі Тадеуш Кошчиньский, Моңғолия Тау-кен өнеркәсібі мнистрі Долгорсурэнгийн Сумъяабазар, Zijin Minig Group Co. Топ Майнинг (Қытай) атқарушы директоры Джордж Фэнг, Торонто қор биржасының Тау-кен ісі жөніндегі басшысы (Канада) Дин МакПерсон, ThyssenKrupp Industrial Solutions AG компаниясының Тау-кен технологиялары бөлімшесінің басшысы Торстен Герлах (Германия) және тағы да басқа қадірлі және маңызды қонақтар бар.

Конгрестің жұмысын Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ашты. Өз сөзінде ол Конгрестің отандық ТКМК-ін дамыту және елдің халықаралық қатынастарын нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.

Сурет: Нұржас Жақсыбай

"Қазақстан үшін тау-кен металлургия кешені ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл сектор мұнай-газ саласынан кейін ел экономикасының құрылымында екінші орынды алады. ТКМК дамытудың негізгі бай минералды-шикізат базасы болып табылады. Қазақстан әлемде табиғи қорлар бойынша 6-орынды алады, минералды шикізатты өндірудің жалпы көлемі бойынша (мұнай-газсыз) 10-орынды және жан басына шаққанда пайдалы қазбаларды өндіру бойынша үшінші орынды иеленеді. Сала мыс, уран, титан, ферроқорытпа және полиметалдар әлемдік нарығында ұсынылған және аймақтық темір, көмір және алюминий нарығына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, бүгінгі күнде негізгі стратегиялық міндет – елдегі шикізатты барынша өңдеу, сондай-ақ жоғары қайта қорытуға көшу. Бұл міндеттер Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, онда өңдеу өнеркәсібінің басқа да салалармен бірге қара және түсті металлургия экономиканың басым секторы болып анықталады. Бүгінгі таңда біз 2010 жылдан бастап экспортқа базалық металдарды өндіруді арттыра алдық, сондай-ақ, жаңа өнім түрлерін шығаруды бастадық деп айта аламыз", - деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, Қасымбек мырзаның айтуынша, елдегі ТКМК дамуына қолайлы инвестициялық ахуал ықпал етеді. Осы сөздердің дәлелі – ішкі нарықтағы ойыншылардың - Glencore, ArcelorMittal, Posco, Tenaris, ЕвразХолдинг, Polymetal және басқалардың белгілі салаларда әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастығы.

"Өткен жылдың аяғында батыс австралиялық үлгіге көшу мақсатында Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекстің енгізілуі маңызды бастама болды. Жаңа кодексте саланы мемлекеттік реттеудің ашық және айқын әдістерімен, геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті, ұлттық стандарттарды жаһандық деңгейде үйлестіруді қамтамасыз етуде үздік халықаралық тәжірибелер енгізілді. Бұл құжат әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шетелдік инвесторларды, соның ішінде 60 проценттен астам жаңа кен орындарын ашып жатқан юниор кәсіпорындарды тартуға бағытталған", - деді министр.

Сурет: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер