Қазақстан халқы Ассамблеясы қоры Жолдауды талдады - Жаңғырту 3.0|13 Ақпан 2017, 17:56
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоры Жолдауды талдады

Фото: assembly.kz

"Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоры" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Қазақстандық бірегейлік – Қазақстанды тиімді жаңғыртудың кепілі" республикалық дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени және жастар бірлестіктері қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсеке қабілеттілігі" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады, сондай-ақ мемлекет басшысының конституциялық реформа мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді.

«Жаңа аптаны осындай маңызды іс-шарадан бастағанымыз мені қуантуда. Кешегі Елбасы Жолдауының мәні ерекше. Өткен жылы біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік. Бұл уақыт аралығында талай белестерді бағындырып, жетістіктерге жеттік. Біз алғашқы мүшел жастан өттік десек болады. Алдыда жаңа сын-тегеуріндер. Мықты елдің болашағы оның халқына, ұрпағына байланысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы бар бізде арман жоқ. Себебі Ассамблея бүгінде әлемдік бренд. Біз этностық өзгешелігімізді байлыққа айналдыра білдген халықпыз», - деді өз сөзінде Астана қаласының «Ахыска» этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев.

Сонымен қатар, ҚР мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских жиналған қауымға Елбасы Жолдауында айтылған 5 басымдықтың тиімділігін жеткізді.

"Елбасы Жолдауында айтылған әрбір басымдық ел дамуының тың қозғаушы күші. Дамушы елден, дамыған елдер қатарына қосылуда бұл реткі Жолдаудың алар орыны ерекше" - деді депутат.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер