Қазақстан елшісі Молдованың премьер-министрімен кездесті - Жаңғырту 3.0|16 Мамыр 2017, 11:49
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан елшісі Молдованың премьер-министрімен кездесті

Кеше Кишинев қаласында Қазақстанның Украинадағы елшісі және Молдова Республикасындағы елшісі міндетін қоса атқарушы Самат Ордабаев Молдованың премьер-министрі Павел Филиппен кездесу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Кездесу барысында екі мемлекеттің экономикалық өзара іс-қимыл сұрақтары талқыланды. Тағам өнеркәсібі, шикізатты өңдеу, өсімдіктерді өсіру технологиясы мен селекциясы, туризм және білім алу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігі аталып өтті. «Жаңа Жібек жолы» жобасының шеңберінде еуроазиаттық транспорт дәліздерін құру маңыздылығы айтылды.

Ведомствоның баспасөз қызметі иәлім еткендей, тараптар Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия, Қытай, Иран мен Парсы шығанағы елдері нарықтарына шығаруға жол ашатын Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды ашу перспективтілігін баса айтты.

Сондай-ақ, елші «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауында белгіленген еліміздің даму басымдықтары, конституциялық реформалардың қорытындылары мен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен таныстырды.

Өз кезегінде П.Филип Президент Н.Назарбаевтың мемлекетті құру мен қалыптасуындағы негізгі рөлін, Қазақстанның әлемдік аренадағы белсенді әрі жауапты саясатын ерекше атап өтті. Молдовалық тараптың Қазақстанмен достық пен ынтымақтастықты күшейту бағытын растады.

Айта кетейік, тараптар алдағы уақытта өткізілетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-молдавалық үкіметаралық комиссияның ұйымдастыру сұрақтарын талқылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер