BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағанды облысының меценаттары «Рухани жаңғыру» жобаларына 5 млрд салады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қарағанды облысында іске асырудың бірінші жылының қорытындысы туралы Орталық коммуникациялар қызметі баспасөз конференциясында өңір басшысы Ерлан Қошанов баяндады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі жарты жыл бұрын ұлттық деңгейдегі мұндай ауқымды жобаның мәнін қазақстандықтардың бәрі бірдей түсіне бермегенін, алайда аз уақыттың ішінде ол нақты нұсқасына ие болғанын айтып өтті. Бүгінгі күні Қарағанды облысында Бағдарламада бекітілген барлық алты арнайы жоба бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мәселен, өңірде әртүрлі 456 жоба жасалған, олардың жартысы ендігі іске асырылып қойған. Мәлімделген жобалардың жалпы құны 13 миллиардтан аса теңге, оның ішінде шамамен 5 млрд – демеушілер мен меценаттар есебінен.

Бағдарлама шеңберінде Қарағанды облысында Азаматтық бастамалар күні ұйымдастырылды, ол өңіріміздің кез келген тұрғынына өмірдің сол немесе басқа да саласын қалай жақсартуға болатыны туралы нақты ұсыныстармен келуге мүмкіндік береді. Бұл акция қарағандылықтардың үлкен қызығушылығына ие болғанын айта кеткен жөн. Оған қоса, тағы бір қызықты жоба әзірленіп жатыр – Игі істер корпорациясы мобильді қосымшасы, оның көмегімен кез келген адам қалауы бойынша телефоннан нақты қайырымдылық жобаларына аздаған сома жібере алады.

Ерлан Қошанов өңір тұрғындары Президенттің «Туған жер» бастамасын да нық сеніммен қабылдағанын айтты.

- Белсенділер, қоғамдық ұйымдар, бизнес-қоғамдастық өкілдері ішінен шыққан нағыз азаматтар бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Олардың қатысуымен қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда тек бір жылдың ішінде 76 әлеуметтік нысандар салынып, жөндеуден өтті - деп айтты өңір басшысы.

Ұлытаудағы сакралды нысандарға кірме жолдар салу жұмысы жүріп жатыр. Туристік инфрақұрылымды жақсарту үшін құны 718 млн теңге болатын Сапар-орталық салу жоспарланған, ол туристерге өңір туралы, жолбағыттар, орналасу орындары және т. б. туралы барлық қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жеке инвестициялар есебінен Ұлытауда Этноаул салынатын болады. Бұл жобаның құны 150 млн теңгені құрайды.

Биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде облыста «Жез киік» халықаралық этностық музыка фестивалі өткізіледі, оған Қытайдан, Мексикадан, Перуден, Түркиядан, Тәжікстаннан, Польшадан, Франциядан, Шотландиядан және Жапониядан келетін топтар қатысады. Ұлы ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған салтанатқа жан-жақты дайындық жүріп жатыр.

Облыста таяу күндері еліміздегі алғашқы Ұлы дала мұрагерлері форумы өтті, оған 4 мыңнан аса оқушы қатысты. Биылғы оқу жылы бойы Қарағанды, Атырау, Талдықорған НЗМ мұғалімдері Жезқазған-Ұлытау өңірінің қарапайым орта мектептеріне өз тәжірибелерін берді. Келесі оқу жылында Жезқазған өңірінің мектептері НЗМ бағдарламасы бойынша өз бетінше жұмыс істейтін болады.

Өз баяндамасын аяқтай келе, Ерлан Қошанов:

- Барлық іс-шаралар мен жобалар, осынау барлық цифрлар мен көрсеткіштер сыртында меценаттарымыздың, жерлестеріміздің үлкен жұмысы тұр. Азаматтардың әрбір балалар алаңы, әрбір нысан сыртында тірі адам тұрғанын білуі керек. Ол адамдар туралы айту керек. Біздің облысымызда сондай жомарт жандардың өте көп екені мені қуантады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыс жалғасатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер