Халық қалаулылары Қостанайда - Жаңғырту 3.0|03 Ақпан 2017, 22:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халық қалаулылары Қостанайда

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – А.Нұркина, А.Құрманова, С.Бычкова, С.Симонов, А.Базарбаев жұмыс сапарымен Қостанайға келді. Депутаттар іссапар аясында облыс орталығындағы бірқатар еңбек ұжымдарымен жүздесті. Олар мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Халық қалаулыларының бет алған алғашқы нысаны «СарыарқаАвтоПром» ЖШС болды. Онда олар аталмыш ірі кәсіпорынның жұмысымен танысты. Халық қалаулылары Қостанайда құрастырылып жатқан JAC автомобиліне мініп көріп, жоғары бағаларын берді.

Сондай-ақ, еңбек ұжымымен жүздесіп, Елбасының биылғы жылғы Жолдауында айтылған басым бағыттарды түсіндірді.

«Алғашқы кездесуімізді «Агромашхолдинг» АҚ-нан бастауымыздың өзіндік мәні бар. Елбасының Жолдауында белгіленген нақты міндеттердің бірі – осы зауыттың жұмысымен тығыз байланысты. Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кәсіпорны JAC электромобилін шығару жағынан көш бастап тұр. Қарқынды жобаның іске асырылу барысын өз көзімізбен көру – біз үшін үлкен мәртебе. Жоғары технологиялы инновациялық өнімдер ел экономикасын дамытудың негізі болмақ. Экспорттық бағытта жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау үшін Үкімет арнайы шараларды қолға алады деп сенеміз, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айзада Құрманова.

Кездесу кезінде депутат Айгүл Нұркина Жолдауда қозғалған еңбек нарығының жаңғыруы және бизнес ортаны кеңейту мәселелері туралы айтып берді. Айгүл Қабдешқызы Үкіметтің жаңа жылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кіріскенін тілге тиек етті.

Халық қалаулылары одан кейін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың ұстаздары және студенттермен, Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің ұжымымен кездесті. Ал, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Симонов пен А.Базарбаевтың «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалында азаматтарды қабылдады.

Мешіт Ғазиз

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер