Еңбек ұжымдары Президент Жолдауын талқылауда - Жаңғырту 3.0|16 Ақпан 2017, 18:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еңбек ұжымдары Президент Жолдауын талқылауда

ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын талқылау үшін «Ореол» ЖШС ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Нұр Отан партиясының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында кәсіпорындағы бастауыш партия ұйым төрағасы Сергей Коротин Елбасы Жолдауда белгілеп берген басым бағыттарға тоқталды.

– Стратегиялық маңызды құжатта жаңа міндеттер анықталған, алда жаңа мақсаттар тұр. Елдің екі жаңғыруы елеулі нәтижелер әкелді. Әлемдік экономика күрделі кезеңді бастан кешіріп жатқанда, еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енді,- деді ол.

Бастауыш партия ұйым төрағасының айтуынша, Үшінші жаңғыру Стратегия 2050 мақсаттарына, болашаққа апарар мықты көпір болуы тиіс. Ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде өткізілетінін атап өтті.

– Жаңа Жолдауда экономикалық дамудың жоспарлары тұр, алайда, әлеуметтік блок та ескерусіз қалмаған, - деді Сергей Коротин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер