Елордада бас қосқан жастар Елбасы Жолдауын талқылады - Жаңғырту 3.0|09 Ақпан 2017, 13:29
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елордада бас қосқан жастар Елбасы Жолдауын талқылады

Фото: Ержан Жаубай

Бүгін Еуразия Ұлттық университетінде «Жас Отан» ЖҚ Астаналық филиалы мен Астана қалалық ҚХА этномәдени бірлестіктер жастары кездесті, деп хабарлыйды BAQ.kz тілшісі.

Кездесу барасында жастар өкілдері Елбасы Жолдауында айтылған бірқатар мәселелрге талдау жасап, Конституциялық реформаға өз үндерін қосты. Астана қалалық ҚХА этномәдени бірлестіктер жастары атынан сөйлеген өзбек этномәдени орталығы жастар қанатының төрағасы Шарзот Болатов бүгінгі жиынның маңыздылығы жастар үшін ерекше екенін айтты.

«Елбасының өзі еліміздің болашағы – жастардың қолында дегенді жиі айтады. Және әр жылғы Жолдауындың мәселелеріне, жастардың міндеттеріне арнайы тоқталып өтеді. Ал барлығымыз білеміз, Елбасы Жолдауы тек қана қарапайым құжаттар емес. Ол Қазақстан халқы үшін ел дамуына ықпал етер, нағыз қозғаушы күш. Себебі әрбір Жолдаудан кейін елімізде дамудың жаңа белестері бағындырылады» - дейді Шарзот Болатов.

Депутаттар, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, студенттер қатысқан кездесу барысында Астана қалалық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Мұхаметжан Болысбек жастарға арнап арнайы Үндеу жасады.

«Осы кездесуді пайдалана отырып мен барлық Елорда жастарына Үндеу жасаймын. Онда Елбасының Жолдауындағы басымдықтарды туралы айтылады. Ал Жолдаудың өзінде адам капиталы туралы арнайы тоқталған. Біз Елбасының алға қойған мақсаттарына бірлік арқылы ғана жетуге болатынын түсіндік. Сондықтан да бүгінгі кездесуде елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің жастарымен бірлесе отырып, Жолдауды жан-жақты талқылайтын боламыз. Біз үшін, әсіресе жастар үшін Жолдаудағы әрбір басымдық маңызды. Себебі бүгінгі жас, ертең сол басымдықтарда айтылған саланың маманы. Сондықтан да Жолдауды өзгеден бұрын бүгінгі жастарымыздың түсіне білгені, талдап, сараптай білгені маңызды» - дейді Мұхаметжан Болысбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер