Елімізде бір палаталы парламент құратын кез келді – заңгер   - Жаңғырту 3.0|14 Ақпан 2017, 15:24
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елімізде бір палаталы парламент құратын кез келді – заңгер  

Сенат өз миссиясын орындады. Қазір ол атқарған қызметті Мәжіліс еркін орындай алады. Демек елімізде бір палаталы парламент құратын кез келді. Бұл туралы Астанада Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған жиында заң ғылымдарының кандидаты Еркеш Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Парламенттің құрылымы туралы айтар болсам, Мәжілістің құзыретін кеңейту өте дұрыс деп санаймын. Ойлап қарасақ, Сенат өз миссиясын орындады. Ол бізге Тәуелсіз елдің іргетасын қалау кезеңінде керек болды. Ол кезде жағдай басқа еді. Әр аймақтың өкілі керек-тұғын. Ал қазір жағдай өзгерді, Үкімет елдегі ахуалды түгелдей бақылап отыр», - деді Е.Нұрпейісов.

Заң ғылымдарының кандидаты Сенат атқарған қызметті енді Мәжіліс еркін орындай алады деген пікірде.

«Бұл сұрақтың маңыздылығын да ескерген жөн. Заң жобасы Мәжілісте қаралып, сол жерде шешілуі тиіс, яғни бір палаталы парламент туралы ойланатын кез келді. Бұл Қазақстан сияқты біртұтас мемлекет үшін қалыпты нәрсе деп ойлаймын. Сенат федеративті мемлекет үшін керек. Егер әлемдік тәжірибеге үңілетін болсақ, федеративті елдердің барлығы қос палаталы болып келеді. Унитарлы елдер бір палаталы, Францияны қоспағанда», - деп түйіндеді ол.

Лена МҰРАТБЕК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер