Елімізде бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақы өседі - Жаңғырту 3.0|08 Маусым 2017, 12:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елімізде бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақы өседі

ҚР Парламенті Сенатында азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазақстан Республикасы Парламенті Cенатының пленарлық отырысында, депутаттар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын қабылдады.

Аталған заң жобасында 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақылардың мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттыру қарастырылған.

2017-2018 жылдар аралығы, республикалық бюджеттен төленетін зейнетақылар мөлшері біртіндеп көтерілетін болады.

Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20%-ға өсіру қарастырылған.

Жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарна төлеуін енгізу қарастырылған мерзімді 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жалпы, зейнетақылар мен аталған жәрдемақы түрін ұлғайтуға, республикалық бюджеттен 81,6 млрд теңге қарастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер