BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасының жолдауы - еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағытталған стратегиялық жоспар - саясаттанушы

Ертең, 31 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланады. Осы орайда саясаттанушы Мәншүк Каримова алдағы жолдауға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы – еліміз үшін өте маңызды. Ол жолдау еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағытталған стратегиялық жоспар», - деді сарапшы.

Сонымен қатар саясаттанушы отандық экономиканы дамыту үшін қандай салаларға басымдық берілетіндігіне тоқталды.

«Экономинканың ең маңызды драйверлері ауыл шаруашылығы, жүк тасымалы, логистика және құрылысы салалары болады. Осы салалар ұлттық экономикаға қосымша мультипликативті күш беріп, азаматтарды жұмыспен қамтуға септігін тигізеді», - деп түйіндеді сөзін Мәншүк Каримова.

Фото: kisi.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер