Елбасы Жолдауы - "Қазақстанда жасалған" маркасын дамыту кепілі - Жаңғырту 3.0|10 Наурыз 2017, 16:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы Жолдауы - "Қазақстанда жасалған" маркасын дамыту кепілі

Фото: Абзал Қалиев

«Астана-жаңа қала» АЭА индустриалдық саябағында «Мемлекет Басшысының жолдауын іске асыру шеңберінде, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жаңғыртудың басты аспектілері ретінде дамыту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті, дейді BAQ.kz тілшісі.

«Дөңгелек үстел» аясында отандық тауарлар үлесінің ішкі нарықта өсуі мен сыртқы нарыққа шығуын қамтамасыз ететін жеңіл өнеркәсіптің технологиялық жаңғыруы мен оның тиімді әрі бәсекелес салаға түрлену мәселелері талқыланды.

Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Д.Б. Жүнісов, «Казинжиниринг» ҰК АҚ төрағасы Идрисов Е.С., «Национальная Лига Потребителей» ӨҚҰ президенті Романовская С.Ю., Жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілері кеңесінің (ЖӨӨӨК) мүшелері, «Жасампаз» консорциумының мүшелері қатысты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының өнеркәсібін өңдеуші комитеттің төрағасы Қадырбаев қазіргі таңда сарапшылар дағдарысты екі түрлі – бір жағынан қауіпті, екінші жағынан мүмкіндік деп түсінентіндігіне назар аударды.

«Қазіргі экономикалық жағдайда қазақстанды кәсіпорында «қауіптілік» сөзінен алшақ тұрып, ұсынылыған «мүмкіндіктерді» пайдалануда. Жақсы мысал ретінде мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыруда басым болып табылатын, технологиялық жаңғыртулардың барлық спекторларын өзіне қосатын «Жасампаз» консорциумының қызметін атауға болады. Бүгінде консорциум жұмысы бұл – саланың басқа түрлеріне тарайтын, дамып, өзінің жетістігін дәлелдей білген экономикалық модель. Әрине, артқа тартатын кейбір объективті факторлар бар, бірақ, консорциум алға қарай кәміл жылжып келеді. Бүгінде «Жасампаз» еңбек ақысының 46% қамтамасыз етуде және де бүгін алдымызда осы көрсеткішті 92%-ға дейін арттыру тапсырмасы тұр", – деп атап өтті Қадырбаев.

Іс-шара барысындла өңдеу өнеркәсібі департаментінің сарапшысы, «Атамекен» ҚР ҰКП индустриалдық сертификатын енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Зверев Д.С. «Индустриалдық сертификат» жобасымен таныстырды.

«Индустриалдық сертификат» дегеніміз не? Бұл өндірушінің қалаған көлемде тауарды өндіру мүмкіндігін растайтын құжат. Сертификатта нақты кәсіпорында өндірістің қандай технологиялар, жабдықтар, тәсілдері қолданылатыны көрсетіледі. Мұндай тәсіл бірден екі түйінді тапсырманы шешуге септігін тигізеді. Біріншіден, мемлекеттің нақты бір кәсіпорын жобасын қалай қолдай алатындығын анықтайды. Екіншіден, қазақстандық өндірушілерге деген басымдылықпен, мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы секторлар мен жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алу жүйесін жетілдіруе мүмкіндік береді» - дейді Зверев.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар көптеген елдерде жеңіл өнеркәсіптің дамуына айтарлықтай көңіл бөлінуде. Себебі, бұл сала, әсіресе, әйелдердің жоғарғы жұмысбастылығын қамтамасыз ете тұра, әлеуметтік-экономикалық маңызға да ие екендігін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында отандық өндірушілердің тауар өндіру барысына пресс-тур жасалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер