BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Енді супермаркеттегі азық-түліктер шағым түскенде ғана тексеріледі

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Шәріп Берік еліміздегі супермаркеттерде тексерістердің азаятынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Брифингте Шәріп Берік Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында отандық бизнесті дамыту үшін тиісті жұмыстарды жүргізуге тапсырма бергенін атап өтті. Осы орайда ол аталған тапсырманы орындау мақсатында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бизнестегі кедергілерді жою және денсаулық саласындағы жеке сектордың үлесін арттыру бағдарламасы аясында тиісті жұмыстар жүргізілгенін алға тартты. Осы орайда журналистер комитет төрағасына өз сауалдарын жолдады.

«Сіз өз сөзіңізде супермаркеттер енді тексерілмеуі мүмкін дедіңіз. Бірақ онда кондитерлік цехтар, наубайханалар бар ғой. Сонда олар да жеке объектілер ретінде тексеріле ме әлде олар шағым түссе ғана тексеріле ме?», — деп сұрады БАҚ өкілі.

Шәріп Берік журналистің сұрағына толық жауап беруге тырысты.

«Аталған объектілер бұрын ерекше тексерістен өтететін. Ал қазіргі таңда олар «қаупі жоғары» объектілер қатарынан «қаупі төмен» объектілер қатарына өткізілді. Нәтижесінде бүгінді супермаркеттер бұрынғыдай жиі тексерілмейді. Яғни онда енді ерекше тәртіппен тексеріс жүргізілмейді. Тексеріс тұрғындар тарапынан шағым түссе немесе тауарларды заңсыз түрде сатып алғаны белгілі болса ғана тиісті тексеріс жүргізіледі», — деп түйіндеді сөзін комитет төрағасының орынбасары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер