Дәурен Абаев 2017 жылғы жоспарымен бөлісті - Жаңғырту 3.0|24 Ақпан 2017, 12:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дәурен Абаев 2017 жылғы жоспарымен бөлісті

Фото: Шыңғыс Қаппаров

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіленген міндеттердің орындалу барысын баяндап, сонымен қатар биылға арналған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Министрлік қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына қатысты жұмыстарды белсене атқаруда. Біз бағдарлама жобасын Үкіметке осы жылдың мамыр айында енгізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, 1300-ге жуық ауылды оптикалық-талшықты желімен қамтамасыз ету жобасын іске асыруға кірісіп кеттік. Осының арқасында 2 миллионнан астам адам кеңжолақты интернетке қол жеткізбек. Бұл жобаны 2020 жылға дейін мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында жүзеге асыру көзделуде», – дейді Д.Абаев.

Биыл Астанада халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі өткізілетіні белгілі. Президент тапсырмасына сай көрме нысанының бірі шара аяқталғаннан кейін халықаралық IT-стартаптар технопаркін құруға пайдаланылады екен.

«Осы жылы министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік қызметтерді барынша «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына беруді іске асырады. Жыл соңына дейін мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтер үлесін 85 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр. Халықты мемлекеттік қызметпен кеңінен қамту үшін осы жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметтерді «Қазпочтаның» 2 мыңнан астам ауылдық бөлімшесі арқылы ұсыну жобасын іске қосу көзделуде», – дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер